• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

КӨПШІЛІКТІҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жуырда мемлекет басшысы елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, бұның қоғамға қауіпті дерт екенін айтып, биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасын айтты.


 Қасым-Жомарт Тоқаев екінші шара ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін атап өтті.


Осы тұрғыда, көпшіліктің жемқорлыққа қатысты құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейту, сонымен қатар, халық арасындағы түрлі мәселелерді анықтау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанынан құрылған лекторлық топ пен  қалалық әділет департаментінің өкілдері Әл-Фараби ауданының тұрғындармен кездесті.


Іс-шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілмановтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі С.Төлбасиевтің, Әділет департаменті басшысының орынбасары Б.Камалов, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов, "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, қаланың басқа да мемлекеттік органдарының өкілдерінің қатысуымен өтті.  


Кездесу барысында халыққа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсыныстары баяндалды, сондай-ақ "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылды.


Іс-шара соңында қатысушыларға QR-коды және жобалық кеңсенің байланыс деректері бар ақпараттық брошюралар таратылды.


Айта кетейік, Лекторлық топтың құрамы әлеуметтік-маңызды салаларға (әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, ТКШ және құқық қорғау органдары) назар аудара отырып, түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құрылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.