• Бүгін: 25.08.2019

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІЛЕРІ КЕЗДЕСТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен білім басқармасының басшылары, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы мен қоғам белсенділері, №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернаттың директоры бас қосты.


Кездесуде ағымдағы жылдың 29 мамыр күні қоғам белсендісі А.Омралинова  21 мамыр күні өзінің facebook әлеуметтік желідегі парақшасында «Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында қалалық білім басқармасы №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп-интернатта мониторинг жүргізуге білім басқармасы тарапынан кедергі келтірілгендігі туралы жазған жазбасы себепкер болған.


Кездесу барысында мектеп-интернатқа азаматша А.Омралинова мекеменің асханасына кіріп, мониторинг жүргізетіндігін айтқан. Өз кезегінде мектеп директоры балалардың қауіпсіздігі үшін әрбір адамды кіргізуге мүмкіндік болмайтындығын, яғни, барлық мониторингтау жұмыстары заңға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екендігін жеткізді.


Шара барысында қатысушыларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, барлық жұмыстарды заң аясында жасауға шақырылды.


Сонымен қатар, а.ж. 30 мамыр күні қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайдың төрағалығымен Жобалық кеңсенің басшысы Е.Төлебаев, білім басқармасы өкілдері мен оған қарасты мекемелердің (мектеп, интернаттар, балабақшалар және т.б) бірінші басшыларының қатысуымен  қоғам белсендісінің жазбасына қатысты мәселелер талқыланып, алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жиын өтті.


Нәтижесінде директорлармен ақпараттық-алдын алу жұмыстарының нәтижесі оқушылардың жақын туыстары өз балаларын интернет арқылы бақылау мүмкіндігіне ие болу мақсатында ата-аналарға арналған онлайн платформаны құру тетіктерін қарастыру ұсынылды.


Сондай-ақ, жобалық кеңсеге барлық білім беру ұйымдарына Шымкент-адалдық алаңымен, Арнайы мониторингтік топпен және қоғаммен өзара байланыс тәртібі туралы ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.