• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

ШЫМКЕНТ: АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ МЕН ҚАЛА ӘКІМІНЕ ХХІ ҒАСЫРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы жұмыс сапарымен Шымкентке келді.  


Сапар барысында Алик Шпекбаев қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовпен және ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Әлтаир Ахметовпен бірге Академияның Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметімен танысты.


Акаадемия филиалы ғимаратында Open spaсe технологиясы енгізіліп, мұндағы жұмыскерлер ашық кеңістікте еңбек етуде.


Филиалдың жұмысымен Академия филиалының директоры  А. Есенгелдина таныстырып, филиал базасында жыл сайын мемлекеттік органдардың 1200-ге жуық қызметкері қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтетіндігін жеткізді.


А.Есенгельдинаның мәлімдеуінше 2019 жылдың басынан Филиалда өңірлік дамуды трансформациялау тақырыбында Шымкент қаласының барлық аудан әкімдері, өзгермелі әлем жағдайындағы  трансформациялық көшбасшылық тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылық құрамы оқытылып, жүйелі түрде Шымкент қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: Өзгерістерді өзіңнен баста» тақырыбындағы семинарлар мен латын графикасын оқыту бойынша семинарлар өткізілуде.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.