• Бүгін: 22.08.2019

ШЫМКЕНТ: АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНА ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Шымкентке іс-сапармен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірқатар жастармен кездесіп, өңірдің дамуына жаңа серпін беріп, жастарға өз пікірлерін ашық айтуға, сондай-ақ қаланы дамыту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін жастар мәслихатының жұмысымен танысты.  


 Жастар белсенділері жастар мәслихатына сайлаудың өту тәртібі мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу, жастардың өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу сияқты жобалары жайлы баяндап берді.


Олардың айтуынша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу орталықтарын жауып, оның орнына сондай балалар өз үйлерінде жүргендей сезіну үшін бір ауылда орналастыру қажет дейді.


Кездесу барысында жастарды қолдауда осы уақытқа дейін жұмыстар аз атқарылмағандығы айтылып, одан да көп жұмыстар жасау жоспарланғандығы хабарланды.


Сондай-ақ, Алик Жатқамбайұлына жастар мәслихатының жұмысына «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Департаментпен жан-жақты қолдау көрсетілетіндігі айтылды.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.