• Бүгін: 26.06.2019 |$1 = ₸379.81

ШЫМКЕНТ: «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПРЕСС-ТУР ӨТТІ

Жеке инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу үшін, сондай-ақ инвесторлармен тікелей қарым-қатынас жасау мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А. Шпекбаев және Шымкент қаласының әкімі "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына барды.


"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағында Агенттік Төрағасы мен қала әкімі қаланың инвестиция тартудағы мүмкіндіктерін, сондай-ақ бизнес ортадағы әкімшілік кедергілерді жедел шешу тетіктерін талқылады.


"Агенттік қолайлы инвестициялық климат құру және инвесторлар мен бизнестің мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру үшін "Protecting Business and Investments" жобасын жүзеге асыруда. Жұмыс барысында Жоба кәсіпкерлер арасында кең қолдауға ие болды» - деп атап өтті А.Шпекбаев.


Кездесу барысында "Бал текстиль" фабрикасының директоры Огуз Дурру Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен компания арасында " Protecting Business and Investments" жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылғанын айтты.


Инвесторларды жан-жақты қолдау мақсатында Департамент компанияға мемлекеттік органдар тарапынан туындаған әкімшілік кедергілер бойынша шұғыл шаралар қабылдап, атқарылған жұмыс нәтижесінде 50 млн.теңгеден астам қаржы компанияның бюджетінде қалды.


"Бал текстиль" серіктестігінің басшылығы Жоба бастамашыларына шынайы алғысын білдіріп, мұндай бағдарламалар билік органдарына деген сенімді қалыптастыруға ықпал ететінін, сондай-ақ Қазақстан бизнесін инвестициялауға сенімділік беретінін атап өтті.


«Оңтүстік» АЭА аумағында өндірілетін өнім Қазақстанның ішкі нарығына жеткізіледі, сондай-ақ Орталық Азия, Еуропа, Ресей және Қытай елдеріне экспортталады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.