• Бүгін: 18.07.2019

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ТЕАТР САХНАСЫНДА

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда көрермендерді адам болмысының ерекшеліктерін ұғынуға, ақиқатты іздеуге, қоршаған ортаның сұлулығы мен сан қырлы сезіміне тартуға қабілетті театрдың тәрбие және білім әлеуеті қажет.


 Осыны ескерген «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Орыс драма театрының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілерге  «Палата бизнес класса» театрлық қойылымы көрсетілді.


Қойылымда екі түрлі адамның іс-әрекеті көрсетіледі, яғни, бірі – барлығын ақшамен шешсе, бірі адал жолмен шешеді.  Алайда, түбінде әділетсіздік жақсылыққа апармайтыны, адамның өзіне кесірін тигізетіні көрсетіледі.


Көріністе әділдік жеңіске жетіп, барлық жағдай ақшамен шешілмейтінін, адамның ең басты құндылықтарының бірі – адалдығы, адамгершілігі екендігін көрсетеді.


Аталған театрлық қойылымды көрсетудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықпен қоғам болып күресуге шақыру.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.