• Бүгін: 18.07.2019

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА  «ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНА  «ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Түркістан облысы мәслихат депутаттарының кезектен тыс отырысында, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсе қызметімен кеңсе менеджері Талғатұлы Ақтөре кеңінен таныстырып, Жоба аясында атқарылып жатырған игі істерді баяндады.

А.Талғатұлы өз сөзінде Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында өңірімізде «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі былтырғы жылдың 12 желтоқсан айынан өз жұмысын толыққанды бастағандығын атап өтті.

Отырыс күн тәртібінде 8 сұрақ қаралса, оның ішінде Жобалық кеңсенің баяндамасын облыс депутаттары бірінші болып тыңдады. 
Атап айтқанда, білім беру саласындағы мекемелердің артық алаңдарын оңтайландыру, басшылардың бірінші қабатқа қызметтік бөлмелерінің ауысқандығын, денсаулық саласында емханаларда халыққа қолайлы жағдай жасалып, қызметтер автоматтандырылып, және халықты әлеуметтік қамсыздардыру саласы бойынша бірқатар атқарылған істер жөніндегі баяндамаға аса зейін қойып тындаған депутаттар жобалық кеңсе жұмысына оң бағасын берді. 

Отырыста А.Талғатұлы Жобалық кеңсе тарапынан Нұр-Сұтан қаласының іс-тәжірибесін қолданып, iQala біріңғай қызмет орталығын ашуды ұсынды. 

Жобаның негізгі мақсаты – Түркістан облысында қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету және қоғам арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру.

Айта кетсек, алдағы уақытта, өңірдің қала және аудан мәслихаттарына жобалық кеңсе таныстырылып, атқарылып жатқан істерді баяндау жоспарлануда.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.