• Бүгін: 15.10.2019

Департамент басшысы «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді

Бүгін Департамент басшысы Ә.Көмекбаев  «Асыл арна» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Әли Амантайұлы мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы өзгерістер мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып жатқан жобалар жайында сөз қозғады.


Сонымен қатар, телеарна журналистін «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен Жоба басшысы Е.Төлебаев таныстырып, аз уақыт аралығында жүзеге асырылған жобалармен таныстырды.  Атап айтқанда,  "ASHYQ SAULET" жобасы аясында сәулет саласында 12 мемлекеттік қызмет цифрландырылса, Шымкент қаласының мектептерінде білім басқармасымен бірлесіп демеушілік көмек пен меценаттыққа арналған "электрондық платформаның" жұмыс істеу процедурасын енгізілуі,  ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаменті мен ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы мен «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, 5 әкімдік басқармасы және 4 аудандық полиция бөлімі "OPEN SPACE" форматында орналасқандығын жеткізді.


Сонымен қатар, ол "FLEXIBLE SCHEDULE" жобасы түскі үзіліссіз қызмет көрсетуге мүмкіндік берген Жұмыспен қамту орталығындағы икемді кесте мен «Integrity shop» яғни, «адалдық дүкендері» жайын және т.б. жобаларды сөз етті.


Телеарна өкілдері ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының жұмысымен де танысып, онда оқып жатқан мемлекеттік қызметшілермен тілдесті.


Айта кетейік, атқарылған жұмыстар туралы арнайы репортаж  21 маусым күні «Асыл арна» телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарлануда. 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.