• Бүгін: 17.09.2019

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қалалық мемлекеттік кірістер басқармалары және кеден бекеттері басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсынуды қарау шеңберінде кездесу өтті.


Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша МКД басшысы Н.Көшеров,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары К.Қабылбеков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы қатысты.


Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның алдын алу жұмысының әдістері туралы хабардар етіліп, қатысушыларға сотқа дейінгі тергеудегі қылмыстық іс бойынша түсіндірме берілді.


Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің әдебі сөз болды.


Жиналыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Н.Көшеров қатысушыларға алғысын білдіріп, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерін өз қызметінде заңдылықты сақтауға шақырды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.