• Бүгін: 18.07.2019

ХҚКО-ДА ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕСІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Қалалық әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, қалалық депутат Н.Бұхарбаев тұрғындарды Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылдады. 


Қабылдау барысында мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз-шағымдар, ұсыныстар т.б.) қаралды.


Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты – ол, азаматтар мен мемлекеттік органдардың арасындағы байланысты жақсарту, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, жою болып табылады.


Қоғамдық қабылдауға келген 50-ге жуық азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу барысында қызметті алушылармен қызметті көрсетуші тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жайлы мәліметтерге ие болды.


Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректері орын алған жағдайда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ққарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, Департамент facebook жүйесіндегі мекен-жайы: facebook.com/depshymkent парақшасына және Департаменттің WhatsApp телефон 8-702-201-51-51 нөміріне хабарласуға болатыны жайында хабарландырылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.