• Бүгін: 23.09.2018 |$1 = ₸355.88

Сайрамдағы машинажасау зауытының өнім көлемі артып келеді

Сайрам ауданында Кеңес Одағы кезінде ауыл шаруашылық машиналарын жасайтын «Манкент Сельмаш» зауыты шетелге әйгілі болған. Ондағы су көтергіштер, су сорғыш станцалар және басқа да ауыл шаруашылығына қажетті машиналар шығарылған. Аталмыш кәсіпорын барлық Одақтас Республикалар мен басқа да Азия және Африка елдеріне машиналарды экспорттап отырған. Тоқсаныншы жылдары тоқырауға түскен бұл зауыт бірнеше уақыттан соң қанатын кеңге жайып, еңсесін көтере бастады. Күн сайын зауыт өніміне деген тапсырыс саны артып, шетелдіктер қызығушылық таныта бастаған. 2014 жылы кәсіпорын қабырғасынан Түркменстан еліне 250 дана су көтергіш машиналар сатылған. Тапсырыстар санының артуына байланысты кадрлардың жетіспеушілігі сынды кедергілер байқалған. Бұл кедергімен күресу мақсатнда зауыт басшылығы мамандар даярлайтын арнайы колледж ашып, осылайша қажетті мамандарды өздері даярлаған. Алғашқы бітірушілері 2014 жылы аталған оку орнын тәмәмдап, бүгінгі таңда металл технологиясын игеріп, ресми түрде зауытта еңбек етуде. 2015 жылы жұмысшылардың еңбек ақылары  көтеріліп, жаңа мамандар жұмыспен қамтылған. 
2016 жылдың маусым айында Сайрам ауданында орын тепкен өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 7496,9 млн.теңгеге жетіп, оның ішінде машинажасау саласындағы өнім көлемі 662,8 млн.теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың өнім көлемімен салыстырғанда 3 есеге артқан. Бүгінгі таңда өндірісте 180 адам еңбек етуде. Бюджетке төленген қаржы көлемі 1,7 млн.теңгені құрап отыр.
   Аталмыш кәсіпорын алдағы уақытта зауыттың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін тауардың түрлерін көбейтіп, жаңа технологияларды ендіруді жаспарлап отыр. Жаңа технологияларды орнату арқылы кәсіпорынның жылдық өнім өндіру көрсеткішінде жоғарлататындарына нық сенімді. Сәйкесінше зауыттың экспортталатын өнімдері де арта түспек. Әлемдік нарықты жаулау зауыт басшылығының басты назарында.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қыр 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

14

15

16

17

18

20

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17