• Бүгін: 22.08.2019

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕБІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаевтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.


Кеңес отырысының күн тәртібінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты бірқатар тәртіптік істер қаралды.


Отырыста қаралған алғашқы сұрақ Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған кезеңде Басқармада Салық заңнамасының орындалуын бақылауды және өзінің қызметтік міндеттерін тиісті түрде атқармаған Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасы басшысының орынбасары Ғ.Ториевтің ісі болды. 


Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Оңтүстік» Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.Ермекбаевтың тәртіптік ісі Кеңес мүшелерінің қарауына ұсынылды. Ол Мемлекеттік кірістер департаментінің тапсырмасын орындамай, «Железный Магнат» ЖШС-нің тіркеуін, «қайта тіркеуін» жарамсыз деп тану туралы талап арызды сотқа мерзімінде жолдамаған. Бұл іспен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Е.Даринбеков таныстырып өтті.


Жоғарыда көрсетілген екі тәртіптік іске қатысты Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаны тағайындауды ұсынды.


Отырыста Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Т.Тленшин мен Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғ.Балтаевтың есептері тыңдалды.


Отырысты қорытындылаған Департамент басшысы Ә.Көмекбаев мемлекеттік орган басшыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар жасады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.