• Бүгін: 16.10.2019

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингі қорытындысы бойынша семинары өтті.


Семинар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы Ә.Көмекбаевтың басшылығымен, мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметкерлерінің қатысуымен өтті.


Семинардың негізгі мақсаты – Е-қызмет жүйесінде кадрлық құжаттарды енгізу, кадрлық құрамның жай-күйі мониторингін және мемлекеттік қызмет саласындағы туындаған мәселелерді талдау.


Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы А.Нұрғали Шымкент қаласы мемлекеттік қызмет кадрларының мониторингі қорытындысы бойынша 2019 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады. Баяндамада Шымкент қаласының басқармалары мен аумақтық департаменттерінің жұмыс барысында анықталған кемшіліктері мен жетістіктері аталып өтті.


ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау, меритократия қағидаты негізінде кадрлық өсуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметкерлері арасында ұсыныстар талқыланды.


Семинар соңында персоналды басқару қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет саласындағы туындаған мәселелер  бойынша  бірқатар сұрақтар (мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау, ауысу тәртібі, конкурс рәсімдері, біліктілік талаптарыа қатысты сұрақтар) қойылып, жан-жақты түсіндірілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.