• Бүгін: 22.08.2019

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП ШЫМКЕНТТЕ

Бүгін Шымкент қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен Transparency International Kazakhstan жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінде оқу ұйымдастырылды.


Бұл жобаны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл Агенттігі мен «Transparency Kazakhstan» ұйымы іске қосты.


Іс - шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінәбиұлы ашты.


Оның айтуынша, жазғы мектептер халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралы болады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтеді.


Сонымен қатар, іс-шараға «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры О.Шиян, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының м.а. Г.Асылбекова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, «Zertteu Research Institute» орталығының өкілі Ғ.Оразымбет қатысты.


Тренингтер сессия форматында өтті. Дәріскерлер тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің халықаралық және қазақстандық жүйесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы азаматтық қоғамның рөлі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданбалы құралдар мен қадамдық ұсынымдар, тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы ынтымақтастықтың нақты мысалдары, сыбайлас жемқорлықтың теріс әсерін жою үшін пайдалануға болатын стратегиялар туралы сөз етті.


"Осы жобаны жүзеге асыру мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік қызметшілердің жоғары қажеттілігімен байланысты» - деп атап өтті Ольга Шиян.


Сондай-ақ, Ғ. Оразымбет бюджеттің ашықтығы мен мемлекеттік органдарда бюджеттік қаражаттың бөлінуін қалай бақылауға болатынын айтты.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазғы мектебінің дәрісіне қатысқан тыңдаушыларға ұйымдастырушылар арнайы сертификаттар табыстады.


Айта кетейік, Transparency Kazakhstan жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп жобасы 18 ірі қаланы қамтып, азаматтық белсенділер, БАҚ, ҮЕҰ, ірі кәсіпорындардың заңгерлері, кәсіпкерлер, студенттер, оқытушылар, әкімдер мен мәслихат депутаттарының қатысуымен бүкіл ел бойынша алғаш рет өткізіліп отыр.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.