• Бүгін: 22.09.2019

Шымкент қаласындағы магистратураға түсудің қоғамдық мониторинг нәтижелері

Шымкентте ұлттық бірыңғай тестілеу форматында магистратураға емтихандар өтті.


Тест тапсырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің, "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингттік топ мүшелері, сондай-ақ білім беруді бақылау саласындағы мамандар қатарынан бақылаушылар тобы құрылды.


Бақылаушылар тарапынан емтихандарға кірерде 2,5 мыңға жуық оқуға түсушілердің арасында 1300-ден астам мобильді құрылғы мен көптеген шпаргалка тауып, алынды.


Ұялы телефондарды, сондай-ақ шпаргалкаларды кіргізіп, қолданғаны үшін емтихан барысында аудиториядан 69 адам шығарылды.


Емтиханның өту барысымен қоғам өкілдерімен бірге онлайн режимде жақын туыстары да бақылау мүмкіндігіне ие болды.


Айта кету керек, Шымкентте тестілеу 10-14 тамыз аралығында      М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің алаңдарында өтті.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.