• Бүгін: 22.09.2019

Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің активімен кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілер арасында парасаттылық қағидаттарын енгізу мақсатында, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы Абай ауданы әкімдігінің ұжымымен кездесті.


Кездесу "Шымкент – адалдық алаңы" жобасы аясында диалог форматында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндірумен және жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы ақпаратты жеткізумен өтті.


Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А. Жұмағали, сондай-ақ Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев әкімдіктерде сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын тәуекелдерге тоқталды.


Қызметкерлерге лауазымдық өкілеттіктерді пайдакүнемдік және құқыққа қарсы мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беретін басқарушы шешімдерді қабылдау кезіндегі ашықтықтың жеткіліксіз болуына баса назар аударылды.  


   Іс-шараның қорытындысы бойынша әкімдік басшылығына сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлескен, кешенді шаралар әзірлеу ұсынылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.