• Бүгін: 22.09.2019

БАСТЫ МАҚСАТ - СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

«Шымкент-адалдық алаңы» жобасы аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті Әл-Фараби ауданы әкімдігінің активімен кездесті.


Іс-шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, аудан әкімі Ғ.Мәуленқұлов, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев қатысты.


Кездесу барысында мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.


Департамент басшысы А.Жұмағали аталған жиналысты ашып,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға сәйкес басты мақсат ретінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу белгіленген.


Осыны негізге ала отырып, Агенттіктің жаңа құрылымынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдылығы көрінеді.  Біздің бірлескен міндетіміз сыбайлас жемқорлық себептерін жоюға бағытталған алдын алу шараларын дайындау болуы тиіс» - деп атап өтті.


Өз кезегінде Т.Серікбаев жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жағдайына, бірлесіп шешуді талап ететін проблемалық мәселелерге тоқталды.


Іс-шара соңында Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ. Мәуленқұлов қонақтарға тиімді диалог үшін алғысын білдіріп, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бірлескен шараларды іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.