• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан Досбол Сапардың отбасына облыс әкімі жаңа үйдің кілтін табыс етті

Бүгін өңір басшысы Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан ҚР Ұлттық Гвардиясының сарбазы Досбол Сапардың отбасына Шардара қаласынан төрт бөлмелі жеке тұрғын үйдің кілтін табыс етті деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Бұл баспананы марқұм Досболдың шаңырағы деп білетінін жеткізген өңір басшысы осындай отаншыл ұлды дүниеге әкелген оның ата-анасына алғысын білдірді. 
Салтанатты рәсімге сонымен қатар, ОҚО ІІД-нің бастығы, полиция генерал-майоры А.Оспанов, ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастығы, полиция полковнигі Б.Абылаев және Досбол Сапардың бауырлары мен туыстары, ішкі істер департаментінің жеке құрамы мен БАҚ өкілдері қатысты.


Облыстық ішкі істер департаменті мен жерлігікті полиция қызметкерлерінің бір күндік жалақысына алынып, марқұм Досболдың отбасына берілген жаңа үйдің ауданы 138 шаршы метрді құраса, қосымша шаруашылық алаңшасы 108 шаршы метр. Бұл жергілікті полицейлердің көмегі. Олар бір күндік еңбекақыларын арнайы шотқа аударған болатын. Жиылған қаржының 10 млн теңгесіне баспанадан бөлек, қосалқы шаруашылық құрылысы да сатып алынған. 2 миллион теңгеге төрт түлік пен тұрмыстық заттар тарту етілді. Марқұм сарбаз Досбол Сапардың анасы Жұлдыз Құдабаева: «Не қуанарымызды, не жыларымызды білмей қалдық. Балам тірі болғанда, 5-6 үй салар еді деп ойлаймын. Не дейміз, ел аман болсын, басты байлығымыз жеріміз аман болсын» дейді.


Естеріңізге салсақ, 1997 жылы туылған Шардара ауданы Көксу ауылының тұрғыны ҚР Ұлттық Гвардиясының сарбазы Досбол Сапар Еркінбекұлы 2016 жылдың 5 маусым


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.