• Бүгін: 22.09.2019

«Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі

Үкіметтің 2019 жылғы 19 наурызындағы № 131 Қаулысымен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК (бұдан әрі – Орталық) құрылып, мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу деп белгіленген. 
Орталықтың ашық жұмыс механизмін құру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобалық кеңсе Агенттіктің жалпы басшылығымен жұмыс істей отырып, Орталықтың қызметінде ISO 37001 стандартына – парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесіне сәйкес комплаенс саясатын және парасаттылық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.
Осыған байланысты, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментімен Орталықтың Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп рейдттік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында, «Береке-А Корпорациясы» ЖШС-нің Шымкент қаласында жоспарланған автожол көпірін салу бойынша Бадам өзені арқылы өтетін Оңтүстік айналма автожолында тексерілді.
Нәтижесінде Заң талаптарына сәйкес келетіні анықталып, тиісінше қорытынды берілді.
Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелерінде жылжымалы зертханалардың шығуымен тексеру жұмыстары жиі жүргізілетін болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.