• Бүгін: 16.10.2019

АГЕНТТІКТІҢ ЖАҢА ЛОГОТИПІ МЕН ЕЛТАҢБАСЫ БАҚ НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі фирмалық жаңа стилін бекітіп, жаңа логотипін бұқаралық ақпарат құралдарына таныстырды.
Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаевтың қолдауымен әзірленген жемқорлыққа қарсы қызметтің бірегей логотипі 2 символға, яғни «А» әрпі мен найзаның ұшына негізделіп жасалынған.
Ал, жаңа елтаңба бейнесінде қалқан ішіндегі қырағы құс қыран мен коммуникациялық логотип өзара үйлесім тапқан. Қанатын кеңге жайған қыранның төменгі тұсында әділдік, парасаттылық, сенім деп аталатын Агенттіктің басты құндылықтары бейнеленген. Бұл Агенттік миссиясы осы құндылықтармен тікелей сабақтасып жатқандығын айқын аңғартады.
Сонымен қатар, Агенттік стиліндегі фирмалық түстер ретінде адалдықты айшықтайтын үш айрықша түс таңдалған.
Аспан түсі – ақиқат пен әділдікті, кемелдену мен жаңаруды білдірсе, ақ түс – парасаттылық пен пәктікті, тазалық пен турашылдықты көрсетеді. Көк түс – сенім мен қауіпсіздікті, еркіндік пен ашықтықты бейнелейді.
«Storm» коммуникациялық агенттігі мен «Dimasso» графикалық дизайнерімен әзірленген жаңа фирмалық стиль – Агенттіктің қоғамдағы коммуникациялық брендін қалыптастырады деп сенеміз!


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.