• Бүгін: 15.10.2019

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ САПАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша Департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, БАҚ және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК  Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында рейдттік іс-шара өткізілді.


Жобалық кеңсе Орталықтың қызметінде ISO 37001 стандартына – парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесіне сәйкес комплаенс саясатын және парасаттылық қағидаттарын енгізуге, сондай-ақ автомобиль жолдарының сапасын арттыруға бағытталған.


Рейдтік іс-шара барысында Самал-3 мөлтек ауданындағы мердігер «Шымкентдорстрой» ЖШС-нің теңгеріміндегі Мұғалжар және Жәнібек хан көшелерінің құрылысы сапасына мониторинг жүргізілді.


Мониторинг барысында, су кәріз жүйелерінің айналасы асфальт жамауымен төселмеген және жаяу жүргіншілерге арналған жолда газ есептегіш пен бағаналар тиісті түрде орналастырылмау салдарынан тұрғындарға кедергі келтіретіні анықталды.


Сонымен қатар, жолдың кейбір сирек аумағында ені стандартқа сәйкес келмейтіні белгілі болды.


Осыған байланысты, жүргізілген рейдтік іс-шараның қорытындысы бойынша акт түзіліп, Орталық тарапын тапсырыс берушіге кемшіліктерді жою бойынша ресми хат жолданады.


Сондай-ақ, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының проблемалық учаскелерінде жылжымалы зертханалардың шығуымен тексеру жұмыстары жиі жүргізілетінін хабарлаймыз.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.