• Бүгін: 15.10.2019

ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Отырысқа Шымкент қаласы Абай ауданы әкімдігінің, Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының және Шымкент қаласының Жұмыспен қамту орталығының басшылығы мен жауапты мамандар шақыртылды.
Отырыста: азаматтарды мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қою қызметінде анықталған құқықбұзушылықтарды алдын алу бойынша мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша туындаған мәселелер көтерілді.
«Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы арқылы тұрғындардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін айқындауға болады. Осыған орай мемлекеттік қызмет көрсету сапасына аса мән берген жөн» - деп Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов отырыс барысында айтып өтті.
Отырыста мәселелер толық талқыланып, нәтижесімен мүдделі органдар мен ұйымдар тарапынан түсіністік тауып, ортақ келісімге келіп, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау бойынша нақты ұсыныстар енгізілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.