• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

«Shymkent City» жобасы. Тың архитектуралық өзгешелігі басым жаңа үйлер бой көтеретін болады

 


Шымкент шартты түрде республиканың үшінші қаласы атанды. Шаһар болашақта «SmartCity» атағын иеленбек. Бұл жөнінде облыс әкімі өзінің жылдық есебінде айтқан болатын. Тарихи жасы екі мың екі жүз жылды еңселеген қала жаңа арнаға бет бұрмақ. Елбасы Н.Назарбаев шаһардың үшінші мегаполюске айналуға әлеуеті толық жететіндігін қадап айтқан болатын. Осы орайда, қалалық әкімдік  «Шымкент 2020 әлеуметтік-экономикалық даму тұжырымдамасын» бекітті. Оның бір бағыты Шымкентті «Smart city» мәртебесіне ие қалалардың қатарына қосуға бағытталған.  Бірқатар жобалар  қолданысқа енгізіле бастаған. Мәселен жергілікті полиция қызметінің жұмысын жетілдіруге байланысты ерекше шешім ойлап табылған. Тұрғындар тәртіп сақшыларына  «skype» желісі арқылы байланысқа шыға алады. Жаңа қызмет түрі арқылы көптеген келеңсіз оқиғалардың мән-жайы анықталып, жаңа ұсыныстар легі артып, кәдәге жарайды деген ойда. Білім саласы бойынша, «smart-мектеп» үлгісінде даму жолына түскен білім ордасына тоқталсақ. Қазіргі таңда әлемдік жаһандану кезеңінде барлық мемлекеттерде сонымен қатар, дамығын, мега кеңістік  атанған қалаларда смарт жүйесі өте мықты бекітілген. Ақылды қалаға айналдыру жобасы бір күндік немесе бір жылдық атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде емес, кезең-кезеңмен атқарылатын үлкен ауқымды жоба. Жоба аясында білім саласы бойынша ІТ-жаңалықтар енгізілуде, оның бірі  мектептердегі электронды журнал. Бұл журналды қолданудың мақсаты мектеп пен ата-ананың бала тәрбиесіне байланысты жұмысын жетілдіре түсіп, олардың арасындағы байланысты нығайту. Сандық журнал мұғалімдер үшін арнайы жасақталып, қилы-қилы қиын функциялар қолданыстан шығарылған. Қарт ұстаздардың игеруіне де оңай. Республикадағы өзге мектептердегі электронды журналдардан негізгі артықшылығы да осы. Бұл жоба (электронды журнал, турникет, электронды касса) арқылы баланың қай пәннен қандай баға алғандығын, мектеп қабырғасына қай уақытта кіріп, қай уақытта шыққындығы ата-анаға хабарлама арқылы жолданылып отырады.


   Ақылды қала атанудың алғышарттарының бірі қауіпсіздік екені анық. Шымкент қаласының басшылығы бұл мәселені де айналып өтпеді. Қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау мақсатында биыл қала көшелеріне төрт жүзден аса камера орнатылмақ. Көлемі бойынша ТМД елдерінің ішінде Мәскеуден кейін екінші орында тұрған қаланы жіті бақылауға алудан бөлек оның заманауи карта сызбасын жасаған да орынды. Бұл бағытта қаланың «3D» нұсқасы жобаланып жатыр. Жоспарға сәйкес мегаполистегі кез-келген ғимараттың іші-сыртын егжей-тегжейлі ақтарып, қай жылы салынғанын көруге болады. Жер асты құбырлары да осы «3D» картаға кескінделмек. Бұл технология әлемнің ірі қалаларының тәжірибесінен алынып отыр. Тұжырымдамадағы ең ауқымды әрі ең басты жауапты жобалардың бірі «Шымкент-city» жобасы. Аталмыш жоба барысында қала барынша заманауи сонымен қатар бүгінгі қоғамға лайықты орталықтандырылады. Тың архитектуралық өзгешелігі  басым жаңа үйлер бой көтеретін болады.


    Бүгінгі таңда қалада жол және басқа да коммуникациялар орнату бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылы кешеннің орталығында орналасатын саябақтың құрылысы басталады.


     «Shymkent City» орталығы қалананың солтүстік бөлігінде, Бәйдібек би ескерткішінің жанында орналасатын болады деп жоспарлануда. Кешен заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыздандырылған, өмір сүруге және кәсіп жүргізуге қолайлы, ең жоғары стандарттарға жауап береді. Жобада тоғыз бағыт қамтылған. Олар - денсаулық сақтау мен білім, көлік – көлік тұрағы және қоғамдық көлік, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы – көшені жарықтандыру, бірыңғай төлем құжатын ендіру және аталған салада дұрыс шешім қабылдауды үйрену, қауіпсіздік – қала бойынша бейнебақылау орнату, Шымкент қалалық әкімдігінің қызмет көрсету сапасын арттыратын зияткерлік байланыс орталығы сияқты бағдарлар.

Балнұр ҮПІБЕК


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.