• Бүгін: 15.10.2019

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН ПАРАСАТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен түрлі сала өкілдерімен іс-шаралар ұйымдастырылуда.


Осы тұрғыдағы шараның бірі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдерінің жеке құрамымен өтті.


Іс-шара барысында Агенттік тарапынан қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат немесе кеңес алуға болатын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіндігі хабарланды.


Сондай-ақ, қатысушыларға «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» зерттеу шеңберінде Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалар, облыс және аудан орталықтары деңгейінде 9 000 респондентпен сауалнама жүргізіп, сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің жартысынан көбі, атап айтқанда 54,4%-ы соңғы жылдағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегені жеткізілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.