• Бүгін: 15.10.2019

Шымкенттегі жатақханалар қоғам белсенділерінің бақылауында

Елбасының «Бес әлеуметтік бастама» атты халыққа үндеуінде әлемдік стандарттарға сай білім беру жүйесін қалыптастыра отырып, студенттердің білім алуына және тұратын жеріне жағдай жасауға тиісті назар аудару қажеттігін атап өткен болатын.


Әрине, оқу жылы басталысымен жатақханаларға орналасушы студенттердің де саны арта түседі. 


Осы орайда, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен “Shymkent - adaldyq alany” жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топтың, "Nur Otan” партиясы мен “Jas Otan” жастар қанатының Шымкент қалалық филиалдарының өкілдері М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жатақханаларына мониторинг жүргізді. 


Басты мақсат – студенттердің тұрмыс-тіршілігімен танысу, сонымен қатар нысандарды мақсатты пайдалану жағын қарау болып табылады.


Мониторинг барысында М.Әуезов атындағы ОҚМУ жатақханаларына шағымдар мен ұсыныстарға арналған,  Жобалық кеңсе мен «Жас Отан» жастар қанатының  әлеуметтік желілердегі парақшалары бойынша ақпарат көрсетілген Сенім жәшіктері орнатылды.


Айта кетейік, бұл жұмыстар жалғасын тауып, жатақханалар әрқашан қоғам белсенділерінің бақылауында болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.