• Бүгін: 15.10.2019

Шағын және микро-бизнесті тексеруге жарияланатын мораторий бойынша мемлекеттік орган басшыларымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын және шағын кәсіпкерлікті бүкіл қоғам болып қолдау қажеттігін көрсете отырып,  2020 жылдың қаңтарында өзінің шағын және микро-бизнес субъектілерін тексеруге үш жылға шектеу қою туралы шешімі күшіне енетінін жариялаған болатын.


Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы бақылау құзыреттілігі бар мемлекеттік орган басшылығының қатысуымен өткен кездесуде төрағалық еткен Департамент басшысы Әли Амантайұлы Көмекбаев қатысушыларға шағын және микро-бизнес субъектілерін тексеруге мораторий кезеңінде мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақталуына бақылауды күшейту бойынша тиісті түсіндірмелер берді.


Кездесу барысында мемлекеттік орган басшылары көтерілген мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, қарамағындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларының және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының сақтауына қатаң бақылау жүргізетіндерін атап өтті.


Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік орган басшыларына бұзушылықтарды алдын-алуға, қоғаммен тығыз кері байланыс орнатып, мемлекеттік қызметке сенімін арттыруға бағытталған
тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы нақты ұсынымдар берілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.