• Бүгін: 15.10.2019

МАҚТАЛЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТҮБЕГЕЙЛІ ҚАРСЫ

        Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы   Түркістан облысына қарасты Мақтаарал  ауданының әрбір мекеме қызметкерлерімен арнайы кездесіп,  сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


        Шара барысында Гүлмира Төлегенқызы мәслихат депуттары мен құқық қорғау органдарына, аудан әкімі аппараты мен оның дербес бөлімдеріне, мемлекеттік кірістер мен статистика, кәсіпкерлер мен төтенше жағдайлар, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, Жастар, дін және этно-мәдени  бірлестігіне, жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталығына, мектеп директорлары мен ата-аналарға, сондай-ақ әскери бөлім мен медицина саласының қызметкерлеріне жаппай  түсіндіру шараларын жүргізіп,  қоғамдық дерттің туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларға жол бермеу қажеттігін түсіндірді.


       Келелі кездесудің негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру және тұрмыстық жемқорлық фактілерінің алдын алу.


       800-ге жуық тыңдаушыны қамтыған жиында  Г.Төлегенқызы сыбайлас жемқорлық  ел әлеуетінің дамуына кедергі келтіретін қауіпті індет екендігін атап өтіп, бүгінгі күні пара алғандар ғана емес, пара бергендер де жазасыз қалмайтындығын жеткізді.  


        Шарада аудан тұрғындарына адам бойындағы ең асыл қасиеттер әділдік, сенім, парасаттылық құндылықтарының мән-мазмұны түсіндіріліп, Агенттіктің барлық бастамалары осы құндылықтар негізінде жүзеге асырылатынын атап өтті.


        Сондай-ақ, азаматтық белсенділіктің жоғары болуы – қоғам дертінен құтылуға мүмкіндік беретіні айтылып,  сыбайлас жемқорлық фактілерінне ұшырасқан жағдайдатегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін Агенттіктің 1424 Саll-орталығына қоңырау шалу қажеттігі ескертілді. 


       Жиын соңында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп,  қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.