• Бүгін: 15.10.2019

ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУДА – АЗАМАТТЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІҢ ҚАУҚАРЫ ЖОҒАРЫ

     Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің Превенция басқармасының бас маманы Гүлмира Төлегенқызы қазыналы өлке Қазығұртқа  ауданына қарасты Төтенше Жағдайлар басқармасының ұжымымен кездесіп, жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


     Шара барысында Г.Төлегенқызы қоғам індетімен қарқынды күресу – баянды болашаққа бастайтынын алға тартып, ұжым қызметкерлерін жемқорлық індетіне қарсы тұруға шақырды.
Ел іргесінің бекем болуы үшін қоғамда ашықтық, адалдық, әділдік қағидаттарының белең алуы тиіс екендігін тілге тиек етіп, жиынға қатысушыларды мемлекетке қауіп төндіретін кеселден алшақ болуға дәріптеді.


     Сондай-ақ, пара алумен қатар, пара ұсыну да ауыр қылмыс болып табылатынын ескертіп, парасаттылық қасиетін дәріптеді.    


     Шара соңында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары байқалған жағдайда тәулік бойы қызмет ететін 1424 сенім телефонына қоңырау шалу қажеттігі ескертіліп, қатысушылар назарына жемқорлыққа теріс көзқарас қалыптастыратын арнайы бейнеролик ұсынылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.