• Бүгін: 15.10.2019

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА ЖИЫН ӨТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық қағидаттарын енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілдері қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесті.


Іс-шара барысында Агенттік тарапынан қолға алынған жобалардың жүзеге асырылу барысы таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпарат немесе кеңес алуға болатын Агенттіктің 1424 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейтіндігі хабарланды.


Сондай-ақ, қатысушыларға «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық жай-күйінің мониторингі» зерттеу шеңберінде Transparency Kazakhstan сарапшылары қалалар, облыс және аудан орталықтары деңгейінде 9 000 респондентпен сауалнама жүргізіп, сауалнама қорытындысы бойынша респонденттердің жартысынан көбі, атап айтқанда 54,4%-ы соңғы жылдағы сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендегені жеткізілді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.