• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Созақ ауданындағы индустриалды аймақта зауыт салынуда

Жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру мақсатында Қазақстанда «Индустриалды-Инновациялық Даму» бағыты көзделген. Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған алып мемлекетке айналуда. Мемлекеттің бәсекеге қабілетін көрсететін басты көрсеткіш -оның экономикасы. Экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты - индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процесстерге бет бұру.


     Қазақстанның алдына қойған басты мақсаты да осы. Бұл мақсатта Созақ ауданында бірнеше істер атқарылып жатыр. Ағымдағы жылы Шолаққорған ауылында орналасқан индустриалды аймақта «UKO-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС-нің екінші зауытының іргетасы қаланып, «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және полиэтилен құбырын шығаратын зауыт» күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілген болатын. 
     Аталған шараға қатысқан аудан әкімі Мақсат Исаев: «2012 жылдан бастап жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (автожол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында,  ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі резервке қойылды. Қазіргі күнге дейін инфрақұрылым құрылысына жалпы 239,7 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталған» - деді. 
    Қазіргі таңда бұл индустриялды аймақта 3 зауыт «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС-нің «Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал жабдықтар шығару зауыты», «Дархан-Ас» ӨК-нің «Иодталған ас тұзын шығаратын зауыты» жобасы, «UKO-S Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС толық қуатымен жұмыс істеуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары басталған «UKO-S Star» Металл құрастыру зауыты» екінші жобасының құрылысын «КazBuildpartner» ЖШС жүргізіп жатыр. Зауыт құрылысы жыл аяғында аяқталып, 2017 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Бұл зауытты іске асыру үшін 337 млн теңге инвестиция жұмсалмақ. Зауытта техникалық май тасымалдауға арналған бөшкелер шығарылатын болады. Аталған зауыт толық іске қосылғанда 25 адам тұрақты жұмыспен қамту жоспарда бар. Сондай-ақ, жаңадан ашылған «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және полиэтилен құбырын шығару зауытының» қабырғасында жергілікті тұрғындар арасынан 50 адам жұмыспен қамтылған. Жобаның қуаттылығы 80 пог.м/сағ құраса, жобалық құны 222,9 млн теңгені құрап отыр.


     Индустриалды-инновациялық саясат – бұл мемлекет арқылы бәсекеге қабілетті тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасау мен оларға қолдау көрсететін шаралар кешені болып табылады. Шыққан өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ең алдыңғы орынға шығып отырған бүгінгі жаһандану заманында инновациялық қызмет шешуші мәнге ие. Әлемдік аренадағы ұлы державалар ретінде танылған АҚШ, Қытай және басқа да елдер индустриалды-инновациялық даму жолына бұрыннан қадам басқан болатын. Өз кезегінде Қазақстан Республикасы да индустриалды-инновациялық даму бағытын бет бұруда.


Балнұр ҮПІБЕК


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.