• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

30 мыңға жуық балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы  жыл жалғасуда. Шымкенттегі дендросаябақта қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, білім және тәрбие беру ұйымдарының басшылары, ұстаздар қауымының қатысуымен республикалық «Мектепке жол» акциясы өтті.


 Елбасының оқу­шы­лар­­дың мектепке толық баруын қам­та­масыз ету туралы тапсырмасына сәйкес акция аясында Шымкенттегі білім мекемелерінде  әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға көмек берілді. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қала әлеуметтік көмекке мұқтаж 29644 бала есепке алынған.  Осыған орай, қала әкімдігінің қолдауымен көп балалы отбасынан шыққан 18007 оқушыға, 385 жетім және жартылай жетім 5080 балаға, 979 мүгедек, 5166 аз қамтылған отбасы балалары мен 47 оралман отбасының балаларына көмек көрсетілді.


Биыл акция барысында қаланың 29644 оқушысына қолдау көрсетілуде. Оның ішінде: жалпыға міндетті білім қорынан 5000 баланың есеп-шоттарына 12000 теңгеден, барлығы 60 млн. теңге аударылған болса, қала әкімінің демеушілігімен 100 бала мектеп сөмкесімен қамтылатын болады. Осылайша, акцияға қала әкімдігі, жеке  кәсіпкерлер, мектеп әкімшілігіқолдау көрсетіп, жетім және ата-ана қамқор­лығынсыз қалған балалар­ға қамқор болып,  олардың  әлеу­меттік себептер салдарынан  мектепке бара алмауының алдын алды.


ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен қолға алынып отырған «Мектепке жол - 2016» атты қайырымдылық шарасы Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде өз жалғасын табуда. Шара аясында қала имамы А.Абдулкамал жергілікті демеушілерді тартып, жағдайы төмен әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан 40 балаға қайрымдылық көмек жасалып, толықтай мектепке арналған қажетті заттар мен сөмкелер үлестірілді. Бұл шара облыс аумағында үлкен қолдауға ие болып, жоғары деңгейде жалғасуда.


ОҚО әкімінің баспасөз қызметі


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.