• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Басшылық жолдардың сапалы салынуын қадағалады

  Әсіресе, соңғы екі жылда облыста құрылыс жұмыстары өте қарқынды жүрді. Мемлекеттік нысандар мен тұрғын үйлер жылдам бой көтеріп, әп-сәтте шағын аудандар пайда бола бастады. Кейінгі жылдары «Нұрсат» шағын ауданының жалғасы салынып, қазір «Нұрсат-2», «Нұрсат-3» қанатын жайды. «Асар» шағын ауданындағы қаздай тізілген көпқабатты тұрғын үйлер жақында қолдануға берілсе, одан соң жаңа «Тұран» шағын ауданының іргетасы қаланып, келесі жылы тұрғындар игілігін көрмек. Осы жаңа аудандардың көшелері мен асфалтьтары, одан бөлек қаладағы байырғы көшелерді қайта жөндеу жұмыстары қашанда қала басшылығының жіті назарында. Көшелер мен аяқжолдардың сапалы салынуына жауапкершілікпен қарауды ОҚО әкімі Б.Атамқұлов қатаң тапсырған. Жыл басында өңір басшысының тапсырмасына орай жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып, қаланың орталық көшелерін кеңейту жұмыстары жүргізілген болатын. Осы жұмыстардың барысын қадағалау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Жақып Бөкенбаев пен қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов Шымкент қаласындағы құрылысы жүргізіліп жатқан бірқатар көшелердің жұмысымен танысты.  "Қазір Шымкенттегі қалаішілік жолдар күрделі жөндеу көруде. Осы аталған тапсырманың орындалуын қадалаған әкімдік өкілдері Тәуке хан мен Д.Қонаев даңғылы бойындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын аралап көрді. Қазіргі таңда қаланың орталық көлік қозғалысындағы маңызды бағыт—Тәуке хан даңғылы бойындағы жол жиегіндегі арықтар, аяқжолдар мен пандустар жаңартылуда. Күрделі жөндеу жұмыстары осы жылдың қараша айына дейін жалғасын таппақ. Қуантарлығы, құрылыс жұмыстарына пайдаланылған қажетті материалдардың 95 пайызы отандық құрылыс өнімдері. Айта кетейік, жалпы облыста 199 нысанда жөндеу жұмыстар жүргізіліп, 519,9 шақырым жол мен жолаяқ және 16 көпірді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Оның ішінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 153,1 шақырым күрделі және 147,9 орташа жөндеуден, 72,3 шақырым құрылыс пен қайта құру, 146,7 шақырым елді мекендердің көшелері орташа жөндеумен қалпына келтірілетін болады" деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.