• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Кентау келбеті

 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер И.Салиханов «Кондитерлік өнімін шығару» жобасы бойынша шағын несиемен қаржыландырылды. Қазіргі таңда төрт жаңа жұмыс орнын ашып, қалаға қарасты Қарнақ ауылында түрлі тәтті өнімдер шығарып сатуда. Сонымен қатар, қала және ауыл тұрғындарынан тапсырыстар қабылдап, жеткізу қызметін ұйымдастыруда. Он бес мыңдай тұрғыны бар ауылдан ашылған кондитерлік өнімге ауыл тұрғындары дән риза. Мемлекеттік бағдарламалар аясында ауыл тіршілігіне қан жүгіріп, заманға сай өркендеп келеді. Қарнақ өңірінде 50 жылдан астам уақыт тас жолда жүрген ауыл тұрғындары енді тегіс асфальттелген жолда қатынауды бастады.


Биылғы жыл Кентау қаласы үшін ауқымды жұмыстар жылы болуда. Мәселен, Кентау қаласы мен шаһарға қарасты ауылдарда білім саласының мекемелері толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе, ондағы Ащысай ауылының екі бірдей білім ошағы, мәдениет сарайы және спорт ғимараты толықтай жөнделіп, саябақтар ретке келтірілсе, қаншама жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген көшелерге асфальт төселді. Ал Хантағы ауылының қос мектебіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңару үстінде. Мұнан бөлек, аталған ауылдың екі бірдей көшесіне асфальт төселіп, үш көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр. Сонымен қатар, Кентаудың Байылдыр ауылында да жаңа оқу жылында жаңа мектептің есігі айқара ашылмақ және бүлдіршіндер үшін жүз орындық жаңа балабақша пайдалануға дайын. Айта кетейік, биыл Кентау қаласындағы жеті білім мекемесі, екі ауылдың клубтары, орталық кітапхана күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп жатыр. Қаладағы құрылыс жұмыстарының сапаға сай жүргізілуін Кентау қаласының әкімі Ә.Мақұлбаев қатаң қадағалап отыр.


Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.