• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Бөген суы - халықтың шипасына айналды

Су - адам ағзасы үшін маңызды компоненттердің бірі. Ғалымдардың зерттеуі бойынша адам организімінің 86%-ы судан тұрады. Егер адам бойында су мөлшері азаятын болса, адам түрлі кеселдерге шалдығатын көрінеді. Дегенмен адам түрлі кеселдерге шалдығуы мүмкін. Кез-келген ауруға шалдыққан кезде түрлі дәрі-дәрмек қабылдап, емделу жолдарын іздей бастаймыз. Қабылдаған дәрі-дәрмектің бірі шипа болса, бірі еш нәтиже бермейді. Кейде тіпті кері әсерін беріп жататын кездер де  кездеседі. Ал, көптеген аурулардың шипасы жай ғана су десек, оған бірі сеніп, бірі сенбейді. Қазіргі нарықтық заманда судың неше түрлі пайдалы түрлері бар, ал солардың ішінде көп ауруларға ем болып, талай жандардың жанына шипа бола білген «Бөген суы». Бөген суының пайдасы арқылы қазір емделіп жатқан жандар қаншама. Шипалы су көзі Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданына қарасты Бөген аулдық округінің маңында орналасқан. Бұдан ертерек уақытта геолог мамандар  Бөген маңында мұнай бар деген тұжырымға келіп, ауыл маңын бұрғылай бастаған. Бірақ, мамандар мұнай таба алмаған. Мамандар бұрғылаған жерден тек жер асты су көзі табылып, ыстық су аға бастайды. Бастапқы кезде бұл судың ерекше қасиеттері жайлы ешкім біле қоймайды.  Үкіметтің арнайы бағдарламасының аясында жер асты суларын халық мүддесіне қолдану, яғни тұрғын үйлерді жылыту мақсатында пайдаланады.  1988 жылы 2027 метр тереңдіктен бұрғыланып шыққан табиғаттың тартуы тек осы мақсатта пайдаланылады.  2005 жылға дейін бұл суды халық тұтынбаған. Өйткені, халық арасында бұл су ішуге жарамсыз, құрамында уран бар деген сыңды түсінік қалыптасқан. Сол үшін де жер асты суы құр бос ағып жатқан. Қазіргі таңда бұл судың құрамы зерттеліп, пайдаланылуда. Бұл судың құпиясын ашқан ОҚО құрметті азаматы Сәтбай Жұмабаевтың айтуынша; судың маңына барып, су ішкен және суға шомылған ауру малдардың жазылып кеткендерін көріп, бұл судың тегін су еместігін аңғарған. Осылайша жер асты суын зерттеуге бел буып, судың үлгілерін алып Алматы қаласындағы «Кардиология және ішкі ауруларды зерттеу институтына» тексеруге жібереді. Біраз уақыт өткеннен кейін судың пайдалы екенін ғылыми түрде дәлелденеді. Сөйтіп,  2005 жылы «Бекзат-Бақ» ЖШС-гі компаниясын құрып, өз жұмысын бастаған.


     Көптеген дертке шипа болар «Бөген» минералды суының құрамы кальций, магний, натрий, кремний қышқылдарынан тұрады. Оның құрамы тек тұздармен байып қана қоймай емдік күштермен де үндескен.


     Шымкент қаласынан жетпіс шақырым қашықтықта орналасқан шипалы суға шомылып, дертіне шипа іздеген жандар қатары күн санап артуда. Ал, дертіне шипа тапқан жандар аталмыш серіктестікке алғыстары шексіз. Айта кетейік, «Бекзат-Бақ» ЖШС-гі бұл аумаққа тек дерттеріне ем болар монша салумен қатар алыстан келетін емделушілердің бар жағдайын жасау мақсатында қонақ үй кешенін салуда. Бүгінде аталмыш серіктестік халыққа қызмет көрсетіп қана қоймай, жұмыспен де қамтуда.


     Жалпы «Бөген» суының медициналық емдік қасиеттері мынадай:


-  ас қорыту мүшелері ауруына;


- понкреатит,созылмалы гепотит;


- зәр шығару жүйесінің ауруларына;


- зат алмасу ауруларына және эндокринді жүйелердің ауруларына;


-  қант диабеті, қалқанша безі ауруларына;


- жүрек қан-тамырлар жүйелерінің ауруларына;


- жүйке жүйелерінің ауруларына;


- тіреуіш-қозғалтқыштық аппарат ауруларына ем.


     Бөген суы - адамзат баласының ең қымбат денсаулығының қамқоршысы!


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.