• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Сіздің өміріңізді түбегейлі өзгертетін 60 қадам


  1. Күнді өзіңізге алғыс айтудан, қолыңыздағы бар нәрсеге шүкіршілік етуден бастаңыз.

  2. Ерте тұрыңыз. 

  3. Суды көп тұтыныңыз.

  4. Деніңіздің саулығы үшін күнделікті душ қабылдаңыз.

  5. Бүгінгі күнді қалай өткізетініңіз жөнінде жоспар құрыңыз.

  6. Мақсат қойыңыз, алайда оған жабысып, байланып отырмаңыз. 

  7. Өзгелерді, соның ішінде досыңызды да, дұшпаныңызды да кешіре біліңіз.

  8. Ең аз дегенде 15 минут таза ауада сеуілдеп жүріңіз, 30-60 минут болса, тіпті жақсы.  

  9. Тамақтан соң, дереу су ішпеңіз.

  10. Жағымсыз, бойкүйез ортадан алыс жүріңіз.

  11. Егер жағдайға байланысты, жағымсыз ортаға түсіп қалған болсаңыз, олай етпеу туралы сабақ алуға, мұндай әдеттерден қашуға, мұндай болмауға тырысыңыз.

  12. Арманыңызды аяқасты етпеңіз, оған барынша адал болыңыз.

  13. Өзінің мақсатыңды іске асыра алатын, соған сәйкес келетін адамдарды айналаңа жина!

  14. Спортпен әр күні шұғылданыңыз.  

  15. Қысыл-таяң шақ туса, үнемшіл бола біліңіз.

  16. Егер қызметте өскіңіз келсе, жітістікті қаласаңыз, сол саладағы кәсіби тәжірибелі маманнан үйрен.  

  17. Жұмысты қиналып емес, рахаттанып істе!  

  18. Жұмысыңыз өзіңге ұнамаса, бірақ ол сіздің мақсаттарыңызға апаратын баспалдақ немесе қызметіңізде көтерілу мүмкіндігі болса, онда ол жұмысты жалғастырыңыз.  

  19. Ал, егер жұмысыңыз көңіліңізден шықпай, мақсатыңызға жетер жолда ешбір көмегі тимейтін болса, одан бас тартыңыз.

  20. Өзіңізге сеніңіз!  

  21. Күні бойы терең тыныстап, деміңізді жиі алып әдеттеніңіз.  

  22. Жан-дүниеңіз бен ойыңызды тазартып, дұға-тілек тілеңіз.  

  23. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді көтеретін, күш-қуат тудыратын тамаша әндерді плей тыңдағышыңызға жазып алып тыңдаңыз, жалықтырмай оны басқа әндермен жиі ауыстырып отырыңыз.  

  24. Әр саланың тамаша шеберін тауып, солардан үйренуге талпыныңыз.  

  25. Табысыңызды 10% қайырымдылыққа жұмсаңыз.

  26. Мақтағанға есіріп кетпеңіз, әсіресе жақын адамдарыңыздың алдында.

  27. Мақтау естіген кезде көтеріңкі әсерлі және салмақты болыңыз, ал сын естісеңіз салқынқанды сыпайы болыңыз.  

  28. Есіңізде болсын: қандай жақсы іс қылсаңыз да, көңілі толмайтын адам табылады. Бұдан қашып құтыла алмайсыз.

  29. Табыс жолында жеткен жетістіктеріңізден алғыс алып үйреніңіз, ал ағаттықтарыңыздан тәжірибе алып үйреніңіз.  

  30. Кейде бала секілді болыңыз, өзіңізді қысып шектемей, күлетін жерде күліп, әзілдейтін жерде әзілдеп алыңыз.

  31. Көп істің арасынан бірінші кезекте нені атқару керегін біліп алғаныңыз маңызды.

  32. Уақыттан ұту мақсатында «екі қоянды бір оқпен атып алу» ережесі көбінде жадыңызда жүрсін (мәселен, бір сәтте спортпен шұғылданып отырып, өзіңізге пайдалы аудио кітап тыңдауды, не болмаса сізге жағымды көңіл күй, күш жігеріңізді арттыратын бейнефильмдер көре біліңіз) 

  33. Бірден жетістікке жетуді ойламас бұрын ісіңізді ынталы, сапалы атқаруды ойлаңыз. Ақша сонда ғана келеді.

  34. Мақсатқа жету жолында кедергілерден қорықпаңыз.  

  35. Есіңізде болсын: қандай да бір істің шебері атану үшін ең кем дегенде 10 мың сағат машықтанып жұмыс істеу керек.  

  36. Күнделікті кішкентай ғана алға жылжу келешекте үлкен табысқа кенелтеді.

  37. Бетпе-бет келген кісімен бірінші болып амандас және күлімсіре. Тек табысты адам ғана айналасындағыларға үнемі жайдары қарап жүреді.

  38. Ең құрметке лайықтылар — өз ісіңнің шебері болғандар

  39. Сіздің деңгейіңізге сай келмейтін адамдармен сыпайы түрде қоштасыңыз.

  40. Егер мұндай адамдар сіздің туысыңыз болса, мейлінше оларды жек көріп емес, қалай бар солай өз табиғатымен қабылдауға тырыс. Өйткені, олар енді өзгермейді.

  41. Әлдекімді өзгереді деп күтпеңіз, біреуді өзгертуге тырысу бос әурешілік, ол сізге тек бақытсыздық әкеледі.

  42. Шабыт – көңіл хошыңыз көтеріңкі болғанда ғана келеді. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстаныңыз.

  43. Ішер асыңыз нәрсіз болса, тамағыңыз тоқ болмаса, дене қуатыңыз да әлсірейді. Ондайда жұмысқа, тіршілік етуге құлшыныс та болмайды.  

  44. Айналаңыздағы адамдарға қол ұшын соза біліңіз.  

  45. Сынға түсіністікпен қараңыз. Сын айтқыштар – олар көңілі толмаған нәрсесін айтып салудан басқа «рахат» сезімі қалмаған адамдар.

  46. Егер сізге сын айтқан адам өзі сол істің маманы және оны шын көңілімен айтып тұрса, оны дос тұтыңыз. Қажет болса, ол сіздің үздік шығуыңызға көмектессін. Ал, сіз өз кезегіңізге табысқа жеткен сәтте оның еңбегін қайтаруға ұмтылыңыз.

  47. Сіздің өткен өміріңізде не болып өтті, болашақта не күтіп тұр – мұның барлығы қазір сіз қандай жан екеніңізге, қолыңыздан не келетіндігіне байланысты. Қазіргі сәтіңіз – сіздің айнаңыз.

  48. Өмірге деген құлшыныс ішкі дүниеңізден бастау алу керек. Егер ол жоқ болса, оның текі түрлі себебі болғаны: сіздің бойыңызда күш-қайратыңыз әлсіз, не болмаса сүйікті ісіңізбен айналысып жүрген жоқсыз.

  49. Көңіл-күйіңіз жоқ кезде ешуақытта өмірлік маңызы бар шешім қабылдамаңыз. Алдымен, егер осылай шешім етсеңіз, арты не болатынын ойша сапаптап өтіңіз. Ондай жағдайда қалай өмір сүруге болатынын ойластырып көріңіз. Содан соң ғана шешім қабылдаңыз. Ерік өзіңізде.

  50. Күнделікті әлеуметті желілерге көңіл бөліп тұрыңыз. Мәселен, Twitter немсе Facebook күніне екі рет бір шолып қарап шығыңыз. Өміріңізге қажетті ақпараттар аласыз. 

  51. Сөз адамды қанаттандыра алады, сонымен бірге сөз адамды құлдырата да алады. Қандай сөз айтатыныңызды өзіңіз таңдаңыз. «Жақсы сөз жарым ырыс». Сөйлер кезде ойыңызды нақты айтыңыз.

  52. Адамды жақсы көру - оның аяқтан тұруына, ол адамның өзін қалыптастыруына көмектесу.

  53. Жалғыз қалдыңыз ба- оның да пайдалы жағын қарастырыңыз.

  54. Жаңадан іс бастау, жақсы жаққа қарай өзгеру, хоббиіңізбен айналысу – ешуақытта кеш емес. Көзқарасыңызды кеңейту үшін, қажетіңізді табу үшін ізденуден жалықпаңыз.  

  55. Табыс күнделігін жүргізіңіз.  

  56. Орындай алмайтын болсаңыз, уәде бермеңіз.

  57. Уәде берсеңіз, сөзіңізде тұрыңыз.  

  58. Өсектен қашыңыз.  

  59. Жаңалықтардан, саясаттан, экономикадан хабардар болыңыз. Бұл сіздің қоғамда өз ырғағыңызбен дамуыңызға септігін тигізеді.

  60. Бақыт — өзіңіздің бойыңыздағы әрқандай қырыңызды көрсете білу, өмірдің барлық саласынан хабардар болу, оларға қатысу, ұғыну, дәмін тату, сезіну, өзіңді қалыптастыра білу.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.