• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Ақ жаулықты аналар бейбітшілікке үндеді

Елбасының биылғы көктемде Вашингтон қаласында өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі ІV самитте жариялаған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде «Ақ орамал» акциясы өткізіліп келеді. Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен қолға алынған. Ақ орамал – бейбіт күннің, кіршіксіз тазалықтың, ымыраға келудің символы. Ақ орамал қазақ халқының ұлттық ұғымына да етене жақын. Ертеде ел қорғайтын ерлер өзара шекісіп қалса, ортаға ақ жаулық тасталатын болған. Бұл бір келісімге келу, дұшпандықты ұмыту, достастыру, ымыраласу ниетінен туған ырым-жоралғы. Аталған акцияның түпкі мақсаты – жер бетінде бейбітшіліктің мәңгі орнауын көздейді, адамзат тарихында жойқын соғыс пен атом жарылыстарын болдырмауға, адамдардың бір-біріне қару кезенбеуіне үндейді.  Сондай-ақ, елдің барша азаматтарын қатыстыра отырып, олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан елде бейбітшілік идеясын шоғырландыру. Шымкент қаласынан бастау алып, облысымыздың бірнеше аудандарында өтіп келе жатқан «Ақ орамал» акциясы осы аптада біздің ауданға да келіп жетті. Ақ жаулық тағынып, әжелерімізден мұра болып қалған әппақ кимешектерін киген апа-аналарымыз аққудай сап түзеп Т.Рысқұлов атындағы мұражай алдында жиналды. Ақ орамалды аналар мұражай алдында орналасқан саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Акцияда аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектаева, ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Мырзабаев, аудандық әйелдер ұйымының төрайымы Г.Ешенқұлова сөз сөйлеп, қатысушыларға алғысын білдірді.  


«ОҚО-13» ақпараттық порталы


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.