• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Көпір салу -сауапты іс

Көп жылдар бойы Қазығұрт ауданы Тұрбат ауыл округіне қарасты Тұрбат ауылы мен Қызылдихан елді мекендерінің халқы жол қатынасынан қиналып келген. Екі ауылдың арасын Тастақсай өзені қиып өтетіндіктен, мұнда осы күнге дейін өткел болмаған. Көлік пен адам қатынайтын өткелді тұрғындар қолдан жасап әбігерге түскен көрінеді. Алайда, уақытша тұрғызған өткел ұзаққа бармай, қайтадан қиындықтар туғызатынын айтады қазығұрттықтар. Кеше ғана осы екі ауыл арасындағы жаңа көпірдің құрылысы бітіп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ұзындығы 66 метр, ені 8 метр болатын көпірге қаржы облыстық бюджеттен жұмсалды. Сапасы жоғары болғандықтан, кез-келген көлік түрін, жүк көліктерін көтере алады. Жаңа көпірді көріп тамсанған халықтың қуанышында шек жоқ. Үш мыңға жуық халық мекен ететін екі ауыл арасындағы көпір енді ұзақ жылдар тұрғындардың қажетіне жарайтыны сөзсіз. Көпірдің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Т.Телғараев, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімі, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Айта кетейік, облысымызда осындай көпір жақында Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылында да салынып, қазір халықтың қызметіне жарап тұр. Аудандық бюджеттен 6 миллион 500 мың теңге қаржы бөлініп, Арыс өзенінің үстіне түскен, ұзындығы 150 метрлік жаяу жүргіншілер көпірі бұл күнде ауылдың шырайын кіргізіп ғана қоймай, мектепке қатынайтын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Көпір маңайындағы тазалық мәселесі жергілікті басшылықтың назарында. Сонымен қатар әкімдік халықты көпір айналасын таза, әрі көрікті ұстауға, жан-жағына тал-дарақтар егуге  шақырды.


«ОҚО-13» ақапараттық порталы


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.