• Бүгін: 17.11.2018 |$1 = ₸369.74

Теріскейде де жаңа мектептер ашылды

Созақ ауданы Аққолтық елді мекеніндегі екі жүз орындық Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің ашылуына қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысы жер қатынастары басқармасының басшысы Созақбай Әбдіқұлов пен аудан әкімі Мақсат Исаев оқушылар мен мұғалімдерді білім күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Ш.Уәлиханов мектебінің техникалық базасы соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етіліп, зәулім білім ордасында спорт ғимараты, интерактивті тақта, мультимедиялық лингафон кабинеттері орналасқан. Сондай-ақ, дәл осы білім күні Абай елді мекенінен және Раң ата ауылынан 150 орындық екі мектептің лентасы қиылып, оқушылардың игілігіне берілді. Абай ауылындағы 88 шаңырақта 576 азамат тұрады. Аудан орталығынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан.


 Бүгінде Созақ ауданындағы 35 білім ошағының 30-ы типтік білім ордасы болып табылады. Оқушылардың 97 пайызы типтік мектептерде оқиды. Білім саласындағы ғимараттарды жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса бермек. Сонымен бірге Абай елді мекенінде тағы да елу орындық жеке меншік «Айкөркем» балабақшасы ашылғанын айта кетейік. Жаңа балабақшаның ашылу рәсіміне аудан әкімі Мақсат Исаев, депутаттар мен ауыл тұрғындары қатысты. Нысанның салтанатты ашылу сәтінде сөйлеген аудан басшысы М.Исаев: «Ауданда «Балапан» бағдарламасының орындалу барысы жоғары деңгейде. Бұл биылдыққа аудан көлемінде ашылып отырған бесінші балабақша. Таяуда тағы да 280 орындық балабақша ашатын боламыз», - деп жиналған көпшілікті қуантып қойды. Бұрынғы ескі мектепті балабақшаға лайықтап, қайта күрделі жөндеуден өткізген нысан қожайыны балаларды мектепке дейінгі мекемемен қамтығаннан бөлек, жергілікті сегіз адамға жұмыс беріп отыр. 


Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.