• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

Тәуелсіздік жылдары жұмыссыздық 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» туралы брифинг берген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Ә. Темірбаева осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан кейін облыс халқының саны артып, әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында облыста 402 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Нәтижесінде, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-ға өсіп, жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген.


«2011 жылдан бастап жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2011-2015 жылдары бағдарламаға бөлінген 51 млрд.теңгеден астам қаржы мақсатты игеріліп, 190 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.  Ал, осы жылы бағдарлама аясында 14,4 млрд.теңгеге 57 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы. Бағдарламаның өзі 2011 жылдан бері іске асырылып келе жатқаны белгілі. Аталған жылы төрт бағыт шеңберінде жүзеге асырылса, 2013 жылдан бастап үш бағыт бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда бағдарламамен қамтылғандардың саны республикалық көрсеткіштің үштен бір бөлігін құрап отыр. Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өңірде 2011-2015 жылдар аралығында 36 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, оларға 14 619 адам немесе 40,5 пайызы жұмыспен қамту органдарының жолдамасы арқылы орналасқан. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі аталмыш бағдарламаның үш бағыты негізінде, атап айтқанда, тұрғын-үй, әлеуметтік-мәдени және инженерлік-көлік инфарқұрылым нысандарын жөндеу, сондай-ақ ауылдық жерлерге фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысын жүргізу, елді мекендерді абаттандыру арқылы жұмыс орындарын ашу, оған сол елді мекендегі жұмыссыздарды жұмыспен қамту арқылы жүзеге асты. Екінші бағыт «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша, сан мыңдаған кәсіпкерлер несие алып, өздерін жұмыспен қамтыды және қасына тиісті жұмысшы күшін тартып, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды жұмысқа қабылдады. Айналып келгенде, екінші бағыттың негізінде де жұмыссыздықпен күресу, оның алдын-алу талаптары жатыр. Үшінші бағыт негізінде көптеген жұмыссыздар қайта даярлаудан өтіп, курстарды меңгерді. Қайта маманданып, жолдамамен жұмысқа шақырылды.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.