• Бүгін: 15.11.2018 |$1 = ₸374.14

ОҚО-да 4 мыңға жуық азамат тілді оқып үйренген

Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қасым Ағабеков мәлім етті. Осы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндаған Қ.Ағабеков облыстағы 14 аудан, қалада мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерін оқытатын орталықтарда 3839 азамат тілді тегін оқып, үйренген. Олардың ішінде 1665-і мемлекеттік тілді, ал 931-і орыс тілін үйренсе, 1243-і ағылшын тілді оқып меңгерген. Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91%, орыс тілін меңгергендер үлесі 62,5%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8%-ға жетті. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесі 10,2%-ға жетіп отыр. Сонымен қатар, баяндамашы Елбасы міндеттеген үштілділік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. «Бұл бағытта 45-тен астам іс-шара мен дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Жергілікті, аудандық, қалалық БАҚ-та үш тілділікті дамыту жөнінде 60-тан астам мақалалар жарық көрді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Облыстық біліктілікті арттыру» семинары, «Тіл шебері» облыстық байқауы, облыстық «Абай оқулары» байқауы, «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен», Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы XVIII облыстық байқаулары өткізілді»,-деді Қ.Ағабеков.


Үштілділік жөнінде Елбасы“Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі” деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы: “мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет” деп  етекше атап көрсеткен.  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.