• Бүгін: 13.11.2018 |$1 = ₸374.83

Студенттік құрылыс жасақтары» келер жылы да жалғасын табады

Жоғары оқу орындарында білім алып жатқан оңтүстікқазақстандық студенттер бұл жазғы демалыс уақытын екі қолды қалтаға салып өткізген жоқ. Олар ала жаздай құрылыс алаңында жалақыға жұмыс істеп, өз еңбекақыларын алды. Бұл игі бастамаға мұрындық болған Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы. Осы басқарманың ұйымдастыруымен кеше М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде «Студенттік құрылыс жасақтары» маусымының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті. Еске салсақ, жаз маусымында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшылары арасындағы болған келіссөздер нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» еңбекке тарту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, аталған оқу орнының құрылыс мамандығында білім алған 360 студент, ал аудан, қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында «Студенттік құрылыс жасақтары» аясында құрылыс жұмыстарында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне ат салысқан студенттердің орташа жалақысы алпыс-елу мың теңгені құрады.


             Атап айтар болсақ, «Студенттік құрылыс жасақтары» Шымкент қаласында «Қазақстан» кинотеатрының және «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы негізінде жаңажан бой көтеріп жатқан «Нұрсәт», «Қайтпас», «Тұран» шағын аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан. Шара кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Болат Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.