• Бүгін: 12.12.2018 |$1 = ₸370.21

Жас инспекторлардың саптық шеруі өтті

      Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Жергілікті полиция қызметі, білім беру ұйымдарының өкілдерімен бірлесе Шымкент қалысындағы Жастар орталығында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекесіне орайластырылған «Жол қозғалысының жас инспекторлары» атты саптық шеруін өткізді. Акцияның мақсаты, балалар мен жастардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстарды жетілдіру, балалардың жолда жүру ережесін меңгерту дағдысын қалыптастыру.


      Жол қозғалысының жас инспекторлары ұйымына мүше балалар саптық шеруде жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған әндер орындады. Сондай-ақ, 210 жас инспектор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын айшықтайтын 25 санын бейнелеп сапқа тұрды. Саптық шеруге полицияның 200-ден астам көмекшісі мен 500 жоғары сынып оқушылары қатысты. Оларға полицейлер жол қозғалысын насихаттайтын кітапшалар мен буклеттер таратты. Сондай-ақ  Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Назар аударыңыз, балалар!» жедел іс-шарасы барысында №55 орта мектебінде «Бірінші сынып жаяу жүргіншілеріне арналған» акциясын өткізді. Полицейлер балаларға оқу жылы барысында аса маңызды және қажет болатын жол белгілерімен таныстырды. Оқытылған теориялық оқушыларды практика жүзінде көрсету үшін жол қиылысына алып барды. Сонымен жаяу жүргіншілер қатарына бұл жақта 500-ден аса оқушы қосылды. Нақ осы күні оқушыларға «Жолдос көмекке асығуда» мультфильмі көрсетіліп, әрбір жаяу жүргінші балақайларға естеліктер мен фильм дискілері таратылды. Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргінші балалардың қатысуымен 246 жол көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 22 бала қаза болса, 241 жарақат алған.


ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.