• Бүгін: 21.02.2018

Павлодарда Оңтүстіктің ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Бұған дейін екі аймақ арасында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік-экономикалық бағыттарда өзара тиімді қарым-қатынас негізінде меморандумға қол қойылғаны белгілі.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке  болашақта өңірлер арасында  тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге облысымыздың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты. Оңтүстікқазақстандық  дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған  барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты. Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық  екенін тағы да дәлелдеді. Сонымен қатар, Павлодар облысында ең тапшы мамандықтардың арасында мал дәрігерлері, механизаторлар, электриктер ғана емес, ағылшын тілі, математика пәндерінің ұстаздары да қажет. Бұдан басқа ауылдарда ақ желеңділер қажет. Олардың арасында эндокринолог, тіс дәрігерлері, кардиолог дәрігерлері бар. Павлодарда алғашқы рет бос орындар жәрмеңкесі бейнеконференция түрінде өткізілді.


- Бүгінгі күні  жеті ауылдық округінен 41 жұмыс беруші 227 бос орын туралы хабарлады. Олар республиканың оңтүстік өңірлерінің тұрғындарына өз кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарынан бос жұмыс орындарын ұсынды. Осы жылы біз ОҚО-на барып, 400 адамға кеңес жүргізген болатынбыз. Ал қазан айында еліміздің оңтүстік аймақтарына облысымыздың шаруа басшылары барады, - дейді Павлодар облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Хелуа Кашкенова. Айта кетерлігі, барлық шаруа қожалықтары өз жұмысшыларын баспанамен қамтып, толық әлеуметтік пакет ұсынады және  80 мыңнан астам жалақы төлейді.                                                                      


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17