• Бүгін: 21.02.2018

ОҚО әкімі жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов Шымкенттегі облыстық орталық мешітте болып, айт намазына жиылған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады.


«Бұл қасиетті мереке бірлік пен ынтымақты, достық пен шаттықты насихаттайды. Құрбан айт мейрамы қанағат пен қайырымдылықты арттыратын мереке. «Құрбан» сөзі «жақындау», «тығыз байланыста болу» деген мағынаны білдіреді. Бұл күндер қайырымды жандар үшін сауапқа кенелудің айы болып саналады»,-деді облыс әкімі өз құттықтау сөзінде.


Өз кезегінде облыстық мешіттің бас имамы Ахметжан Керімбек аймақтағы 800-ге жуық мешітте айт намазы оқылғанын айтып, бүгінде өңірдегі 1600-ден астам жамағат Құрбан айт мерекесін Меккеде қарсы алғанын жеткізді. Айт намазынан кейін орталық мешіт жанында ұлттық ойындардан түрлі сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы жүлделер табысталды.


Құрбан айт мерекесі бір күн бұрын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі облыстық орталық мешітінің мәжіліс залында Құрбан айт мейрамына орай бриффинг берген болатын. Онда облыс имамы Ахметжан Керімбек айтулы діни мейрамның құндылықтарына тоқталып, БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Ислам дінінде  қос  мейрам  бар.   Ұлығы  -Құрбан айт. Айт ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып,  қанағат  пен тәубеге шақыратын  мейрам.  Құрбан айтта  барша  мұсылман құрбан шалумен ғана емес, Ұлы Аллаға ұнамды әрбір ізгі амалы арқылы Раббысының разылығына,  рақымына  жақындай  түседі.  Ахметжан Керімбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамының айтуынша, құрбан айтта құрбандық үшін малдың үш түрін: түйе, сиыр, қой не болмаса  ешкі  союға болады.   


Ахметжан Керімбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы: - Өткен жылы  құрбандық  шалып, суретке түсіп, оны  желіде  жарнамалап жататын азаматтар болды.   Әрине  өкінішті.  Оған жол бермесеңіздер екен, - деді. Биыл  Құрбан айт мешіттерде ұлттық салт-дәстүрге сай өтті. Құлшылық орындарында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылды. Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстанда Құрбан айт мейрамына орай құрбан шалатын 25 орын қызмет  көрсетті.  


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17