• Бүгін: 21.02.2018

Қайырымды азаматтарымыз көп болсын

        Алланның нұры жауған бұл күні Төлеби аудандық "Нұр мешітінде" бес жүзге жуық адам қатысып айт намазы оқылды. Аудан басшысы Б.Парманов намазға қатысып, құрбан айт мерекесімен құттықтады.Сонымен қатар Төлеби ауданында Құрбан айт мерекесінде елу ірі қара құрбандыққа шалынды. "АДС- агро" ЖШС -нің мал сою алаңшасында Оңтүстік өңірі бойынша жеке кəсіпкерлердің ұйымдасуымен елу ірі қара сойылып, жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға таратылуда. "АДС-агро" ЖШС- нІң басшысы Ахтаев өз тарапынан бес ірі қара мал құрбандыққа шалды. Етпен қоса Көксəйек ауылдық округіндегі мектептерде оқитын тұл жетім, жартылай жетім, жағдайы төмен жанұялардың балаларына мектепке оқу-құралдар мен азық-түлік таратты. Айт мерекесіне дастарқан жайылып, ас берілуде. Осындай азаматтарымыз көп болсын. Сондай-ақ Кувейт мемлекетінен келген Ду Эйш Эь Шимари 25 қойды құрбандыққа шалды. Көксәйек ауылдық округінде 25 қойды құрбандыққа шалып, 13 ауылылдық округтегі жағдайы төмен жанұяларға етт үлестірді. Барлық ислам мемлекетінде ұйымдастырылып жатқан бұл іс-шара Алла разылығы үшін жасалып жатыр.
        Бұл күндері Созақ ауданында қасиетті дініміздің өркендеуіне, халықтың рухани жан дүниесін байытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Мұсылман баласының жан-дүниесі мен тәнін таза ұстағаны секілді, Алла үйі мешітті де ұқыпты ұстауы үлгілі істің көрінісі болып табылады. Сенбі күні жүргізілген шара осыны айғақтайды. "Құрбан айт" мейрамы қарсаңында Шолаққорған ауылдық округі әкімдігінің бастамасымен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұжымы «Жастар – тазалық үшін!» атты "Шолаққорған" орталық мешітінің ауласында сенбілік шарасын өткізді. 


        Ғасырлар бойы діни төзімділік пен ұлтаралық бірлікті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сабақтастығын сақтаған Қазақстан халқы үшін Құрбан айт мейрамы тек қана діни мереке емес, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімнің нышаны болып табылады. Ұлысты ұйыстыратын ұлағатты Ислам дінін халқымыз ұлттық дәстүрлерімізбен үйлестіріп, ғасырлар бойы бекем ұстанып келеді. Осы орайда бүгін Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек қаладағы Орталық «Ысқақ» мешітінде айт намазға қатысып, қала халқын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Жиналған жамағат айт намазын оқып, олардың алдында қаланың бас имамы Абдукамал Абдукерім уағыз айтып, құран бағыштады. Шаһар басшысы Мұрат Болатұлы айт намаздан соң қаладағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылына арнайы барып, қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, аталған балалар үйіндегі балалардың жағдайымен танысып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.


 


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17