• Бүгін: 23.05.2018

«Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынды

Бүгінде жұмыссыздықты жойып, әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін  айтарлықтай маңызды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына арналған селекторлық мәжілісте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов аудандар мен қалаларда кәсіпкерлік пен кооперацияларды жаппай дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Осыған орай, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысында «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту» жобасы қолға алынып отыр. Аталмыш жоба жүзеге асқан жағдайда ауыл халқының әл-ауқатын арттыру мәселесі шешімін таппақ. «Мемлекет басшысы Үкіметке облыс әкімдерімен бірлесе елді мекендерде кооперативтер желісін ұлғайтуды тапсырды. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты жергілікті ауылшаруашылық өнімдерімен қамтып, қайта өңдеу кәсіпорындарының желісін ұлғайтпақ. Бұл жұмыстарды Мақтарал, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Сарыағаш аудандарында белсенді атқаруды тапсырамын», - деді өңір басшысы. Ауыл халқының күнкөріс көзі төрт түлік мал екені аян. Сондықтан да сүт, ет өнімдерін өңдейтін шағын цехтар ашу, сол арқылы ауылдағы жұмыссыздықты жоюға болатыны белгілі. Сондай-ақ, көрші облыстарда сүт өнімдеріне деген сұраныстың жоғары екенін айтқан облыс әкімі аталған өңірлермен әріптестік байланыс орнатуды жүктеді. Егер екіжақты әріптестік орнатқан жағдайда облысымыздағы мал өнімдерін шектеусіз түрде өткізетін сауда көздері ашыцлар еді. Өсіріп отырған малының өнімін қайда жіберерін білмей, істің тетегін таппай отырған ауыл тұрғындарына бұл үлкен көмек болары сөзсіз. Мәжілісті қорытындылаған Б.Атамқұлов алға қойған міндеттердің барлығы тұрғындарды жұмыспен қамту екендігін қадап айтты.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17