• Бүгін: 23.10.2018 |$1 = ₸365.88

Түлкібаста пробация қызметі арқылы 13 адам жұмыспен қамтылған

Түлкібас ауданы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысы болып өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жанар Бектаева ашып, күні тәртібінде қаралатын мәселелер бойынша айтып өтті. Жиынға құқық қорғау органдары мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Консультативтік – кеңесте қылмыстық атқару жүйесінің комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Түлкібас аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Ж.Игембаевтың 2016 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы, Түлкібас ауданда қылмыстық жазасын өтеген адамдарға және қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған шартты сотталған адамдарға қандай әлеуметтік көмектер беріліп жатқаны туралы аудандық "Жұмыспен қамту орталығы" директоры К.Сарыбаеваның баяндамасы тыңдалды. Жалпы ауданда пробация қызметіне тіркелген 102 азамат бар, оның 57-імен биыл жұмыстар жүргізіп, 13 адам әр сала бойынша тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ кеңесте баяндама бойынша түрлі сұрақтар қойылып, тиянақты жауаптар берілді. Жалпы пробациялық қызметтің мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Шартты түрде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуына, кәсіп түрлерін игеруіне, жұмысқа орналасуына, емделуіне және құқықтық консультациялармен қамтамасыз етілуіне көмек көрсету болып табылады.  


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17