• Бүгін: 21.02.2018

"Өз балаңа үлгі бол!" атты ата-аналар конференциясы өткізілді

 


Отбасы күні мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі АХАТ саласының қызметкерлерімен және ауданның құрметті әжелерінің қатысуымен аудан орталығында орналасқан «Неке сарайында» жаңадан туылып жатқан отбасыларына салтанатты түрде неке қию туралы куәліктерін табыстау рәсімі мен қазақтың сал дәртүрін көрсету мақсатында "беташар" рәсімдері өткізілді. Мемлекет басшысының Жарлығымен "Отбасы күні" қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Отбасы – ол да шағын ғана мемлекет. Осындай ұранмен жас жұбайларға отбасылық құндылықтарды насихаттау әңгімесі жүргізіліп, әжелер жастарға ақ батасын берді. Сонымен бірге Ақсукент ауылындағы №20 С.Сейфуллин атындағы мектеп гимназиясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Нұр Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасы және Отбасы күніне орай, «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен «ХХІ ғасырдағы Қазақстандық ата – аналар: «Өз балаңа үлгі бол» атты ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар, әкімшілік, қызметкерлері, Аудандық "Жастар ресурстық" орталығының қызметкерлері қатысып, өз ойларын ортаға салды.


Сондай-ақ Сайрам ауданы жұмыспен қамту орталығының мәліметі бойынша  «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылған. Мәселен, аудандағы 18 - ден 24 жасқа дейінгі жастар және зейнеткерлік жасына жеткенге дейінгі 55 - тен 64 жасқа дейінгі жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мақсатында Ұлттық қордан қосымша қаржы бөлініп, 3729,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Бүгінгі күнге 18 - 24 жас аралығында 10 адам, 55 - 64 жас аралығында 25 адам төрт мамандық бойынша А. Исмайлов атындағы колледжде қайта даярлау курстарынан өтуде. Жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес, қайта даярлау курстарын бітірген жұмыссыз азаматтар толығымен жұмыспен қамтылатын болады.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Ақп 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

14

15

16

18

19

22

23

24

25

26

27

28

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17