• Бүгін: 21.10.2018 |$1 = ₸366.11

Ордабасы ауданында 71 жаңа жұмыс орны құрылды

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік салаға көптеп көңіл бөлінуде. Әсіресе шалғай шеттегі ауылдардың күрмеуі кертілмеген мәселелерін шешу күн тәртібінен түскен емес. Жуырда Ордабасы ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша ілкімді істер атқарылуда. Жүйелі жүргізілген жұмыстар нәтижесіз де емес. Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға 1 590 азамат өтініш берген.  Аталған бағдарлама үш бағыт бойынша жүргізіледі. Мәселен,  1 бағыт бойынша - «Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту» бөлімі есебінен уақытша жұмыспен қамтылғандар қатары бүгінде 70-ке жетіп отыр.  Бағдарламаның ІІ бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 миллион теңге шағын несие берілді. Өз кәсібін бастауға ниеті бар болғанымен, қаржысы жоқ ауыл азаматтарына бұл өте тиімді тәсіл болып отыр. Нәтижесінде  71 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 912 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды. Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам 28 мекемеге жолданып отыр. Олардың мәселесі де жуық арада шешімін табады. Ал 127 жас маман Жастар практикасына тартылды. Осылайша аудандағы жұмыссыздық мәселесі шешімін тауып келеді.


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Қаз 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17