• Бүгін: 23.05.2018

Бүлдіршінге қоларба тарту етті

Бүгінде әлеуметтің аз қамтылған бөлігі - мүмкіндігі шектеулі жандар барынша қолдауға зәру. Дегенмен қайырымды жандар оларға барынша қамқорлық көрсетуде. Ешкімнің міндеттеуінсіз адами тұрғыда қайырымдылық көрсетуге ниетті жандардың көп екендігіне қуанасың. Жуырда Әл-Фараби ауданы әкімдігі қызметкерлері тұрмысы төмен 10 отбасыларға арнайы барып, хал жағдайымен танысты. Арнайы есепте тұратын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратты. Жергілікті әкімдік тарапынан көрсетіліп отырған қамқорлыққа алғыстарын білдірді. Үнемі назардан тыс қалдырмай қарайласып тұратын әкімдік қызметкерлеріне ризашлықтарын жаудырды.  Сондай-ақ сал ауруымен науқастанған 7 жасар бүлдіршінге қоларба тарту етті. Осылайша қайырымдылық танытқан азаматтар қамқорлыққа мұқтаж жандардың алғыстарын арқалап қайтты. Мәселен, осыған дейін ол отбасыларға «Мектепке жол» акциясы бойынша да көмек берілген.  Балаларға мектепке қажетті киім-кешек, оқу құралдарының барлығын да түгендеп берген болатын.  Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары М.Тәжібаев туғаннан сал ауруына шалдыққан Саян Бекбердиевтің отбасына арнайы барып, қоларба сыйға тартты. Саянның ата-анасы қайтыс болған. Қазір ол нағашы әжесі Әтіркүл Бекбердиеваның қолында тәрбиеленуде. Қашанда қамқорлығын аямайтын азаматтардың арқасында қамкөңіл жандар бір қуанып қалды. Әл-Фараби ауданы әкімдігі тарапынан қайырымдылық іс-шаралары бұдан әрі де жалғасын таппақ. Алдағы уақытта әкімдік тарапынан қамқорлық акциясы жалғасын табатын болады.


 


Бөлісу:

(*) Толтыру міндетті өрістер. HTML кодына рұқсат етілмеген.

Күнтізбе
<= Май 2018 =>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

9

16

17

18

21

22

24

25

26

27

28

29

30

31

Видео

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар таратуға қылмыстық жауапкершілік туралы

Радикалды ағымдардыңы таралу қаупі туралы

Терроризм қаупі туралы

ЭКСПО-17